Бекболат Тілеухан мен Азамат Битан, Ұларбек Нұрғалымұлы балаларға арналған кітаптар шығаруды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Тілеухан мен Азамат Битан, Ұларбек Нұрғалымұлы балаларға арналған кітаптар шығаруды қолға алды

13.12.2018

 

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан мен PR-менеджер Азамат Битан келді.

Олар бірігіп жаңа жобаны қолға алды. Яғни, балаларға арналған кітаптар шығарып жатыр. «Нұр Астана» құрылыс компаниясының демеушілігімен, Азамат Битанның «Ыбырай атаның әңгімелері», Ұларбек Нұрғалымұлының «Ілияс пен Заңғардың планшеті» кітаптары жарыққа шықты.

Бекболат Тілеухан балаларға арналған кітап шығару идеясының неден пайда болғанын айтты. Ол балаларының оқып жатқан ертегілерінің мазмұны азғындыққа тәрбиелейтініне қапа болып, кітап шығаруға көңіл аударады.

«Біздің ертегілеріміз ертегі емес. Байдың мал-мүлкін алдап алыпты деген мазмұнға саяды. Байдың маңдай терімен тапқан дүниесін бере ме, бермей ме, өзінің шаруасы ғой. Ыбырай, Мағжанның балаларға арналған еңбектерін жарыққа шығаруды қолға алып жатырмыз. Бұл – бірінші қадам. Түзетулеріңіз болса, мархабат. Халыққа қызмет қылам деген жігіттер болатын болса, балалардың ағарту саласына келсін. Кітап шығаруға шамасы келгенше, көмектессін!»,- деді депутат.

Азамат Битан: «кітап жазу, шығару ісінде ең қиыны – кейіпкер (образ) жасау»,- дейді.

Хабарламаларға жазылу