Басты Жаңалықтар «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының ІІ томы таныстырылады

«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының ІІ томы таныстырылады

«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының екінші томы көп ұзамай жұртшылыққа таныстырылады. Оған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау өңірлерінің киелі жерлері туралы мәліметтер енген. Бұл туралы Ақтөбеде ұйымдастырылған «Ұлы даланың рухани мұрасы» шарасында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали айтты. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланған бұл ауқымды шараға облыс басшылығы мен елімізге белгілі саясаттанушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты. Сөз алғандар ел ішінен бөлек, сырттағы тарихымызды да түгендеу қажеттігіне назар аударды. 

Берік Әбдіғали, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Ресеймен, Өзбекстанмен, Қытаймен, басқа да алыста жатқан жерлерді де түгендеп жатырмыз. Жақында ғана Ресейге барып келдік. Мәскеудің төңірегіндегі тарихи маңызды жерлерді анықтады. Соның бірі - Арынғазы хан. Калугада жерленген.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу