Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды

Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды

Жамбыл облысында Президенттің инвесторлар тарту тапсырмасына орай бірден екі ірі зауыттың құрылысы басталды. Енді өңірде жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін кәсіпорын бой көтермек. Сондай-ақ трактор жасайтын зауыт құрылысы бастау алды.

Жалпы өңір шаруалары жыл сайын өнімдерін өткізе алмай Меркі қант зауытының алдында шу шығаратын. Тіпті тәтті түбірді тапсыратын жер таппай көрші облыстар мен Қырғызстанға да жіберетін. Енді Байзақ ауданынан бой көтеретін кәсіпорын жылына 120 мың тонна қант өндіреді. Сондай-ақ меласса мен жом өнімдері шығарылмақ. Құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорын аумағында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Құрылысы 2026 жылы аяқталады. Ал Тараздың индустриялық аймағында 10 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынбақ. Онда жылына 2 мың трактор мен тіркеме шығару жоспарланған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бүгін міне қуанышты күн Жамбы облысында. 30 жылда салынбаған зауыт бірнеше зауыт қазығы қағылып, салынайын деп жатыр. Осындай жұмыстар жүріп жатыр. Әрмен қарай жалпы республика боынша да бүгін 67 пайызға жиын-терім жетіп қалды. 15,2 центнер гектардан 16 млн-ға жуық астықты қамбаға құйдық. Жұмыстар жүріп жатыр.  
 

Бөлісу