Басты Жаңалықтар Ғалымдар парацетамолға қатысты Трамптың мәлімдемесін негізсіз деп санайды

Ғалымдар парацетамолға қатысты Трамптың мәлімдемесін негізсіз деп санайды

«Жүктілік кезінде әйелдердің парацетамол дәрісін қабылдауы нәрестені аутизмге шалдықтыруы мүмкін » деген АҚШ президентінің мәлімдемесі ғалымдардың екіұдай пікірін қалыптастырды. Тіпті Ақүйдің бұл мәлімдемесі Ұлыбританиядағы қоғамдық ұйымдар мен аналар қауымдастығының алаңдаушылығын туғызды.

Жүкті әйелдерге қолдау көрсететін қайырымдылық қоры аяғы ауыр аналардың мазасыз күй кешіп жүргенін айтады. Нәзік жандылар парацетомолдың зияны туралы білгісі келіп, сенімсіз ақпарат көздеріне көп жүгінетін болған.

Максин Палмер, Ұлттық аналарды қолдау қорының өкілі:

Дереккөздерді таңдауда абай болу керек. Ұлттық денсаулық сақтау қызметі, және басқа да мемлекеттік ұйымдар дәлелді және клиникалық мақұлданған ақпарат ұсына алады.

Ата-аналарға арналған ең ірі интернет-форум негізін қалаушысының пікірінше, ғаламтор қолданушылары әбден ашу-ызаға булыққан. Олар: Трамп жүктілік проблемаларына әйелдерді ғана кінәлап отыр деп есептейді.

Джастин Робертс, Mumsnet ата-аналар форумының негізін қалаушы:

Меніңше, фактілер мен ғылыми дәлелдерге сүйену қажет. Сондықтан үкіметтің бұл туралы мәлімдеме жасауы өте маңызды деп санаймын.

Трамптың мәлімдемесі медициналық қауымдастықтардың да пайымына қайшы. Көптеген зерттеудің нәтижесіне сүйенген олар парацетомол құрамындағы ацетаминофен жүкті әйелдердің денсаулығына қауіпсіз деп санайды.

Моник Бота, Даррем университетінің доценті:

Керісінше, парацетомолды дер кезінде қыбылдамаған кезде жүкті әйелдер мен құрсақтағы баланың жағдайы нашарлай түсер еді.

Мамандар 20 жыл бойы ауқымды зерттеу жүргізіп, жиі сөз болатын вакцинацияның да аутизмге еш қатысы жоқтығын анықтаған. Британ ғалымдары аутизм жағдайларының шамамен 80 пайызы тұқым қуалайтын гендердің мутациясымен байланысты деп отыр.

 

 

 

 


 

Бөлісу