Қазақстандықтарды алдаған call-орталық жойылды
Украинада құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде қазақстандықтарды алдаған call-орталық жойылды. Еліміздің ІІМ Украинаның құзырлы органдарымен бірлесіп, алаяқтардың трансұлттық қылмыстық тобының жолын кесті. Ұсталғандар Ураинаның Черновцы мен Одесса қалаларында ұзақ жылдар жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып келген. Олар жәбірленушілерге Қазақстанның Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалып, «күдікті операциялар» мен «террористік ұйымдарды қаржыландыру» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген. Қылмыстық жолмен алынған ақша call-орталықтың жұмысына, автокөлік сатып алуға және тағы да басқа нәрселерге жұмсалды. «Кеңсені» ұстау үшін ұйымдастырушылар айына 60 мың АҚШ долларын жаратқан, ал күдіктілердің бірі соңғы алты айда бес көлік сатып алған.
Аслан Өскембаев, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:
Бір мезгілде күдіктілердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша және сall-орталықтың өзінде жүргізілген тінту барысында 30-дан астам компьютерлік техника, 79 ұялы телефон, sim-карталар, нысанды киім-кешек, құқық қорғау және арнайы органдардың, Ұлттық банктің қызметкерлерінің жалған куәліктері, азаматтарды алдауға арналған түрлі жауап нұсқалары бар алдын ала дайындалған сценарийлер, сондай-ақ басқа да айғақтар тәркіленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
