Шорға шайқасы ғылыми тұрғыда нақтыланды
Қазақ пен жоңғар арасындағы ең соңғы әрі шешуші соғыс – Шорға шайқасы. Тарихта көмескіленіп келген тағдыршешті оқиға ғылыми тұрғыда нақтыланды. Бұл жөнінде Астанада өткен республикалық тәжірибелік конференцияда айтылды. Сексен күнге созылған шайқас қазақ жерін азат етудегі бетбұрыс кезеңі болды. Тарихшылар соғыс өткен аймақты 8 жыл зерттеп, тың деректерге қол жеткізген. Жиында бұл тарихи мәліметтерді жүйелеу, оқушылар мен жастарға жеткізу мәселесі қаралды. Алдағы уақытта мектеп пен жоғары оқу орындарының оқулықтарына енгізу ұсынылды. Сондай-ақ шара барысында «Шорға шайқасы: аңыз бен ақиқат» кітабының тұсаукесері өтті.
Қанат Еңсенов, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор:
Қазақ тарихындағы Бұланты, Аңырақай, Шаған, Шорға, Қалбатау, Ойрантөбе міне, осы шайқастарды зерттеп қарап көз жеткізіп шықтық. Міне, осы Шорға шайқасының тарихын халыққа насихаттау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында және осы тарихи зерттеулерде жазылып, хатталып, ерлік дастаны айтылуы керек және сол Шорға шайқасына шығыста бабаларымызды ұлықтау үшін ескерткіш-кешен салынуы керек алдағы уақытта.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия тұрғыны скейтбордпен әлемдік рекорд жаңартты
26.09.2025, 14:27

Өлеңі өшпес, рухы мәңгі Оразалы Досбосынов
26.09.2025, 14:24
Маңғыстау облысында оныншы «Келешек мектеп» ашылды
26.09.2025, 14:18
Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастар көбейіп артып келеді
26.09.2025, 14:15
Ақтөбеде 300 жұмыс орны ұсынылды
26.09.2025, 14:12
Ресейде АИ-92 маркалы бензині қат
26.09.2025, 14:09
Израиль әуе күштерінің 8 адам қаза тапты
26.09.2025, 14:06
Бірнеше жұмысты қатар істеуге шектеу қойылмайды
26.09.2025, 14:03