Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі
- Түркістанға келген туристер енді тек Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көріп қана кетпей, ескі қалашықтың орнын да тамашалай алады. Мұнда байырғы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік тумақ. Түркістан облысына арнайы барған Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев өңірдегі мәдени мұра және туристік инфрақұрылым нысандарын аралады.
- Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін мамандар жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріп үлгермек. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Кесенені реставрациялау кезінде тарихи келбетін сақтау аса маңызды деді Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев.
- Вице-премьер сондай-ақ Визит орталығына барып, туристік бағытта қолға алынған жобалармен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан салынып жатқан Күлтөбе қалашығының құрылысы аяқталуға жақын. Көне қалашықта қазір тарихи мұраларды қорғау мақсатында цитадель салынып, күмбез айналасын абаттандырылады.
- Бауыржан Байсалбаев, «Қазқайтажаңарту» ғылыми зерттеу жобалау филиалының директоры:
- Осы кезге дейін ботаникалық жағынан, геологиялық жағынан, гидрогеология, ауа райы, сейсмология зерттеулері жасалды. Соңғы жылда осы бүкіл зерттеулердің шешімдері, бағыттары бір есепке қосылып, оны барлығын жинақтап беру үшін алдағы уақытта тағы жұмыстар жасалып жатыр.
- Өңірде 1700-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Былтыр аймаққа 430 мыңнан астам турист келген. Ал биылғы сегіз айда 900 мыңға жуық адам Түркістанға арнайы атбасын бұрған.
- Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
- 29 гектарда төрт дәуірдің бірінші ғасырдан басталған, ол кезде Яссы, Жауғар қалалары, тарихи нысандарды ашып, оның ішінде мыңға жуық артефакттар ашылды. Құмыралар, басқа да заттар бар. Қазір инфрақұрылымын жасап, биыл Визит центр жасаймыз. Оны көпшілікке, туристерге көрсетеміз.
- Түркістан туризмнің ғана емес, білім мен ілімнің орталығы болуы тиіс. Осы мақсатта бүгін тағы бір іргелі жоғары оқу орыны ашылды.
- Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Шетелдік университет филиалының Қазақстанда ашылуы жастарға әлемдік деңгейде білім алуға жол ашып қана қоймай, еліміздің интеллектуалдық капиталының қалыптасуына зор үлес қосады. Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосатынына сенімдеміз.
- Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы келісімнің негізінде ашылған университет Орталық Азиядағы жетекші білім беру хабына айналмақ.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақытжан Сапиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
25.09.2025, 20:17

Almaty Superski тау шаңғысы курортын дамыту жоспары бекітілді
25.09.2025, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
25.09.2025, 20:15
Түркияда шахтада топырақ көшіп, кеншілерді басып қалды
25.09.2025, 20:13
Маңғыстауға былтыр 460 мыңнан астам турист келген
25.09.2025, 20:11
Еуропада автоөндіріс тұралады
25.09.2025, 20:10
Павлодар облысында 100-ге тарта білім мекемесінде директор жоқ
25.09.2025, 20:09
Өндіріс орындарында 23 мыңнан астам жас маман жұмыс істейді
25.09.2025, 20:08