Басты Жаңалықтар Маңғыстауға былтыр 460 мыңнан астам турист келген

Маңғыстауға былтыр 460 мыңнан астам турист келген

Ақтауда Маңғыстау өңірінің туристік және инвестициялық әлеуетін паш ететін халықаралық форум өтіп жатыр. 

Жиынға Чехия, Иран, Өзбекстан мен Тәжікстанның туристік агенттік өкілдері, инвесторлар, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің бір топ сарапшысы қатысып жатыр. Туристерді Маңғыстаудың Каспий теңізі, Бозжыра, Шерқала, Қызылқұп сияқты табиғаты ерекше жерлер қызықтырады. «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы да аймаққа саяхатшылардың назарын аударды. Былтыр облысқа 460 мыңнан астам турист келген. Соның 43 мыңы - шетел азаматы.

Ернар Берекенов, қонақүйлер желісінің өкілі:

Біз әлем елдеріне туристерді апарамыз. Қазір Еуропа азаматтарын Қазақстанның тылсым да әсем табиғаты ерекше қызықтырады. Әсіресе елдімекендерден шалғай жатқан туристік аймақтарды көруді армандайды. Осы тұрғыда Маңғыстауда рухани демалатын орындардың көптігі қуантады.

Сұлтан Раев, «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы:

Бұл тек мәдени шаралар ғана емес. Сонымен қатар Ақтау мен Маңғыстаудың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған қадамдар. Әр шарамыз туризмді дамытуға өз үлесін қосады. Ақтау сынды мәдени астанамызды Бельгияда, Еуропарламентте және ЮНЕСКО аясында танытуды да жоспарлап отырмыз.


Бөлісу