Өндіріс орындарында 23 мыңнан астам жас маман жұмыс істейді
Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумында үздіктер марапатталды. Өңірдегі зауыт, фабрикалар мен кеніштерде 130 мың адам еңбек етсе, соның 23 мыңы жастар. Олардың арасында үздік атанған мыңға жуық жас бүгін форумға жиналды.
Оған Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан мен АҚШ-тан келген делегаттар да қатысты. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеріп, оларға қолдау көрсету - маңызды дейді форумды ұйымдастырушылар. Осы мақсатта «Kemel Keleshek» жастар сыйлығының иегерлері мен республикалық «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған бір топ жұмысшы марапатталды.
Жұлдызай Байдүйсен, теміржолшы:
Бастысы - еңбегім ақталып жатқанына өте қуаныштымын. Кішкентай кезімізде әкеміз «теміржол - өмір жолы» деп айтатын. Сол әкеміздің арқасында осы жұмысқа келдік.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақытжан Сапиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
25.09.2025, 20:17

Almaty Superski тау шаңғысы курортын дамыту жоспары бекітілді
25.09.2025, 20:17
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі
25.09.2025, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
25.09.2025, 20:15
Түркияда шахтада топырақ көшіп, кеншілерді басып қалды
25.09.2025, 20:13
Маңғыстауға былтыр 460 мыңнан астам турист келген
25.09.2025, 20:11
Еуропада автоөндіріс тұралады
25.09.2025, 20:10
Павлодар облысында 100-ге тарта білім мекемесінде директор жоқ
25.09.2025, 20:09