Басты Жаңалықтар Түркияның қара теңіз жағалауы аймағында қар жауды

Түркияның қара теңіз жағалауы аймағында қар жауды

Түркияның Қара теңіз жағалауындағы аймақтарында қар жауды. Ризе мен Трабзон облыстарының таулы елді мекендеріне түскен қалың қар тұрғындарды әбігерге салды. Жайлауда отырған малшылар малдарын шұғыл етекке түсіруге мәжбүр болды.


Ал теңіз жағалауындағы бірқатар қалаларда нөсер жаңбырдан кейін сел жүріп, көпірлер мен жолдарды шайып кетті. Қалалар арасындағы көлік қатынасы қиындады. Адам шығыны болмағанымен, үйлер мен жұмыс орындары су астында қалды. Құтқарушылар түні бойы жұмыс істеп, су құрсауында қалған тұрғындарды құтқарды.


Бөлісу