Басты Жаңалықтар Ет бағасын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылданды

Ет бағасын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылданды

Ет экспорты былтырмен салыстырғанда 3 есеге артты. Салдарынан баға шарықтап кетті. Осыған байланысты Үкімет сиыр етін экспорттауға квота енгізбек. Енді етті тек өңдеу кәсіпорындары ғана сыртқа шығара алады.


Сонымен қатар үш елден ет импорттау кезінде кедендік бажды нөлге теңестіру ұсынысы қарастырылып жатыр. Ішкі нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Фермерлерге тегін сауда орындары беріліп, делдалдар тізбегі қысқартылды.


Қазір сауда орындарында күнделікті баға мониторингі жүргізілуде. Жыл басынан бері бағаны негізсіз көтергендерге қатысты 2 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынып, 345 делдал нарықтан шығарылды.


Бөлісу