Басты Жаңалықтар Оралда демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Оралда демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Іс-шара қала тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Теректі, Бәйтерек, Ақжайық аудандары мен қаладан 41 кәсіпкер және жеке қосалқы шаруашылық иелері қатысты.


Сауда сөрелерінде 9 тонна көкөніс пен бау-бақша дақылдары, сондай-ақ жеміс-жидек, бал, сүт өнімдері, жұмыртқа, күнбағыс майы, шұжық және нан-тоқаш өнімдері ұсынылды. Бағасы да қолжетімді. Тұрғындар егістен тікелей жеткізілген мол өнімге риза болды.


Маржан Әбуова, тұрғын:

«Жәрмеңке тамаша. Ауа райы да керемет. Тауарлардың сапасы да, сатушылар да жақсы. Бағасы көңілге қонымды. Перец алдым 400 теңгеден, жаңа жиналған. Қияр 450–500 теңге. Жақсы, жаңа піскен».


Ерік Ибраев, тұрғын:


«Картоп алдым 140 теңгеден, пияз 120 теңгеден. Жарайды ғой. Базарда енді көтермелеп алмасаң, қымбаттау. Мұнда арзандау. Жақсы, дұрыс ұйымдастырылған. Халыққа жеңілдік болады. Үйдің қасында болған соң, келіп ала қоямыз».



Бөлісу