26 жыл күткен алтын: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды
26 жыл күткен алтын жүлде. Кеше Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресі бойынша сол алтынды алды.
60 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша әлем чемпионы деген атақты иеленді.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін алған.
Соңғы рет қазақстандық балуандар грек-рим күресінен 1999 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанған.
Айдосты да мемлекет басшысы құттықтапты.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы: Торғайда дүркіреп той өтті
21.09.2025, 19:52

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде не талқыланды?
21.09.2025, 19:48
Құрылыс кодексі: Енді сейсмоқауіпті аймақтарға ғимарат салатындарға талап күшеймек
21.09.2025, 19:35
Жылдамдық пен жауапкершілік: Жүргізуші мәдениеті қай деңгейде?
21.09.2025, 19:31
Елімізде дүкендегі тауарларға екі түрлі баға қою талап етілуі мүмкін
21.09.2025, 19:29
Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барды
21.09.2025, 19:25
Қостанайда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіш ашылды
20.09.2025, 18:10
Ресеймен әріптестік беки түспек
20.09.2025, 17:43