Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы: Торғайда дүркіреп той өтті
Президент Ақмола облысына іссапарында биылдан қалмай Арқалыққа баратынынын айтты. «Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім. Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым», – деген.
Ал аптаның соңында Міржақып
Дулатұлының 140 жылдығына байланысты Торғай жерінде той өтті. Қостанай
қаласында ескерткіші ашылды.
«Міржақып» дегенде қалың көпшіліктің ойына не оралады? Әрине, «Оян, қазақ!» Өлеңнің өзі және Міржақып жолы туралы Qazaqstan арнасы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы һәм фильмі.
«Біз
басымызға түскен таршылықты бұрынғы бабаларымыздан көретін едік. Солар біздің
қамымызды жеген болса, біз мұндай қорлықта, тарлықта жүрмес едік деуші едік.
Кейінгі буынның ата-бабасы – бүгінгі тірі жүрген біздер. Біз келешекті
ойламасақ, кейінгі нәсіліміз бізді қарғамай ма?» – деген Міржақып Дулатұлы бар
қабілетін қазақтың азаттығы жолына жұмсап, сол ұлы мақсатқа бар ғұмырын сарп
еткен күрескер.
Абай - ұлт санасында рухани серпіліс жасаса, Әлихан, Ахмет, Міржақыптар саяси серпіліс жасады.
Торғайдан Мәдина Нағашыбайдың репортажы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
