Басты Жаңалықтар Жолдау өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін керек

Жолдау өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін керек

   Жолдау өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін керек

Президент жолдауда Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру қажеттігін айтты. Расында елімізде соңғы жылдары бұл сала қарқынды түрде дамып келеді. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылған. Ал, Қарағандыда өткен ғасырдан бері жұмыс істеп келе жатқан құю-машина жасау зауыты қайта жаңғыртылып, өндірістік қуаттылығы артқан. 

 Қарағанды құю-машина жасау зауыты өткен ғасырдың 40 жылдары іске қосылған. Алпауыт өндіріс орыны бүгінге дейін тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. 2018 жылы қайта жаңғыртылып өндіріс қуаты 6 есеге күшейген. Бұрын-соңды қолмен істелген ауыр жұмыстың барлығын қазір ақылды техника атқарады.

 Әділет Орынбай, Қондырғы операторы:

Енді бір орында тұрған жоқ дамып жатыр. Бұдан да мықты саноктар шығады. Біздің станоктар адамның жұмысын азайтқан. Бағдарламамен басқарылады. Орнатасын, бағдарламаны жібересін станок ары қарай өзі жұмысын жасай береді. Есігін жауып, қадағалаймыз

 Жаңа қондырғылардың арқасында өнім көлемі ұлғайып, еңбек қауіпсіздігі артқан. Бүгінде зауытта 850 жуық адам жұмыс істейді. 3 негізгі цехта 12 000 түрлі ауыр өнеркәсіпке қажетті тауар өндірілуде.

 Ұлан Әбеков, өндіріс бөлімінің басшысы:

2016 жылдан бастап үлкен модернизация жүргізілді. Барлық сандық бағдарламалық станоктар орнатылды. 2018 жылы бітірдік. 2 жыл бұрын IP саласынан сертификат алдық. Ол Америкалық институт. Енді сол арқылы мұнай саласына қажетті құрал саймандар шығарып жатырмыз

 Зауыт жылына 10 мың тоннаға жуық өнім береді. Оның басым бөлігі жергілікті кәсіпорындарға саудаланса, бір бөлігі көршілес елдерге экспортталады. Ал облыс бойынша 900-ден астам Өңдеу өнеркәсібі бар, онда шамамен 67 мың адам еңбек етеді.

  Асылхан Төлегенов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы:

Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу саласының өнімдері бойынша мыс, прокат, ферроқоспалар және басқа да тауарлар экспорты 985 млн АҚШ долларын құрады. Ағымдағы жылы экспортталатын өнімдердің номенклатурасы 16 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен кеңейтіледі.

 Елімізде өткен жылы 163 жаңа өндіріс іске қосылған. Соның арқасында 12 000 аса тұрақты жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл сала әлі де жандана түспек.

Бөлісу