Басты Жаңалықтар ТМҰ мүше елдері бірлескен зерттеу орталықтарын құруы мүмкін

ТМҰ мүше елдері бірлескен зерттеу орталықтарын құруы мүмкін

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер бірлесіп, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және тағы да басқа бағыттар бойынша зерттеу орталықтарын құруы мүмкін. Бұл туралы Бішкекте өткен кездесуде талқыланды. Басқосуға барған премьер-министр Олжас Бектенов Түркі мемлекеттерінің ұйымы қысқа уақыт ішінде беделді құрылымға айналғанын атап өтті. Тараптар экономика, сауда, инвестициялар, көлік, цифрландыру, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл туралы пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, басты назар кедендік рәсімдерді цифрландыру қарқынын жеделдетуге және порттар мен теміржолдарды, оның ішінде, Транскаспий халықаралық көлік бағытының инфрақұрылымын жаңғыртуға аударылды.

Бөлісу