Басты Жаңалықтар Астанада дәмханадан шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

Астанада дәмханадан шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

 Астанада дәмханадан өрт шығып, тұрғын үйдің үстіңгі қабаттарын шарпыды. Оқиға бүгін түнде Ақмешіт көшесінде болған. Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ 8 пәтердің қасбеті бүлініп, терезелері жанып кеткен. Тұрғындар уақытша қонақүйге көшірілді. Қала әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары тәулік ішінде басталады. «Қаржы әкімшілік және кафе иелерінің есебінен бөлінеді», - делінген хабарламада. Ал өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу