Басты Жаңалықтар Италия сарапшылары Жолдауды талқылауда

Италия сарапшылары Жолдауды талқылауда

Италия сарапшылары да Президент Тоқаевтың Жолдауын талқылап, жоғары бағаларын беруде. Айтуларынша Жолдауда ел халқының әл-ауқатын жақсарту, азаматтық қоғамды дамыту мен жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерге де көңіл бөлінген. Энергетикалық тиімділікті арттырып, цифрландыруға, экологиялық проблемаларға басымдық берілуі-құптарлық. Әрі құжатта Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары да дәл айқындалған дейді, саясаттанушылар.

Федерико Кастильони, Италия халықаралық қатынастар институтының сарапшысы:

Президент Тоқаев Жолдауында Қазақстанға ғана емес, ЕуроОдаққа да ортақ үш саяси сын-қатерге тоқталды. Біріншісі – цифрлық трансформация. Біз азаматтардың құқын қорғай отырып, экономикамызды цифрландыруымыз керек. Екіншіден – климаттың өзгеруіне бейімделу. Өндірістік базаны нығайтып, өнеркәсіпті сақтай отырып, жасыл саясатты алға жылжытуымыз қажет. Үшіншісі – қауіпсіздік. Бұл да өте маңызды мәселе.


Бөлісу