Басты Жаңалықтар Президент Мәскеу және бүкіл Ресей патриархымен кездесті

Президент Мәскеу және бүкіл Ресей патриархымен кездесті

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Президент бұл кездесу екі ел арасындағы ынтымақты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. Патриарх Кирилл Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Орыс православие шіркеуінің миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ең алдымен Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз шын мәнінде форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер.

Кирилл, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы:

Қасиетті Қазақстанға келу мені әрдайым қуантады. Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен достық, өзара қолдау және ынтымақтастық тінін берік жалғап отырмыз.


Бөлісу