Басты Жаңалықтар СҚО-да мамонт сүйегі табылды

СҚО-да мамонт сүйегі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің жағасынан алып мамонттың сүйегі табылды.

Жіліктің ұзындығы 1 метрден асады, салмағы 15 келіге жуық. Жергілікті археологтар бұл шашамен 150 мың жыл бұрын тіршілік еткен мамонттың сүйегі болуы мүмкін екенін айтады. Оны балық аулауға барған Бескөл ауылының тұрғыны тауып алған. Тиісті сараптама жасалғаннан кейін сүйек облыстық тарихи өлкетану мұражайына тапсырылады. Келер жылы өзен жағасында қазба жұмыстары бастауы мүмкін.


Бөлісу