Басты Жаңалықтар BI Group «BI Ecosystem» ауқымды форумын өткізді

BI Group «BI Ecosystem» ауқымды форумын өткізді

BI Group тек құрылыспен ғана айналыспайды.  Бүгінде компания адамдардың өмірін ыңғайлы әрі қызықты ететін шешімдер мен жобаларды жүзеге асырып жүр. Соның бірі - «BI Ecosystem». Ауқымды форумда компания жаңа жобаларын таныстырды. 

BI Group жұртты баспанамен қамтып қана қоймай, түрлі жобаларға ат салысып жүр. Саябақтар мен тұрғындарға арналған жайлы кеңістіктер, заманауи мектептер салып, BI University арқылы компания қызметкерлері мен халыққа кәсіби даму бағытында көмектеседі. Одан бөлек әлеуметтік салаға да үлкен көңіл бөледі. Солардың бірі – «BI-Juldyzai»қоры.

Жаннұр Көшербай, «BI-Juldyzai» қорының қызметкері:

BI-Жұлдызай қоры BI Group әлеуметтік бастамасы. 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қайырымдылық қорларының бірі. Бұл жерде ДЦП, даун синдромы сынды психо-неврологиялық диагнозы бар балаларға көмек береміз.

Қор 2024 жылдан бері 500 мыңнан астам балаға көмектескен. Бүгінде Қазақстанның төрт қаласында орналасқан арнайы клиникада науқас балалар тегін оңалтудан өтеді. Бұдан бөлек «Ана үйі» ресурстық орталығы сынды жобасы тағы бар. Бүгінде компания ірі инвесторға айналған. Яғни, нақты экономикалық жобаларға қаржы құяды.

Алдияр Сырғабеков, «BI Group» компаниясы «Yourt» жобасының жетекшісі:

Біз адамдардың өмір салты мен жайлылығы туралы ойлаймыз. Сондықтан бүгін келушілер назарына жаңа өнімдеріміз бен жобаларымызды, сондай-ақ  алдағы уақытта баспана мен демалыс орындарын салатын аймақтарымызды ұсындық. Аталған участкелерде бигвель, фитнес орталықтар, мектеп, балабақша, коворкингтер мен дәмханалар салынады.

Форумға 2 мыңнан астам адам қатысты. Ал 15 мыңға жуық адам шараны онлайн форматта тамашалады. Айта кету керек, былтыр компания тұрғындарға аумағы 1 млн шаршы метрден асатын баспана кілтін табыстаған.


Бөлісу