Басты Жаңалықтар БАҚ өкілдеріне этносауаттылық бойынша оқу басталды

БАҚ өкілдеріне этносауаттылық бойынша оқу басталды

Этносаралық мәселелер туралы ақпаратты қалай жариялаған жөн? Жалған деректердің тарауын алдын алу жолдары қандай? Бұл сұрақтардың жауабы және жалпы этносауаттылық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Академиясының бүгінгі ашылған оқу модулінде талқыланбақ. 4 күнге созылатын курсқа Ассамблея журналистер клубтарының төрағалары мен мүшелері, этникалық БАҚ өкілдеріне және өңірлік «Қоғамдық келісім» баспасөз хатшылары қатысады. 20-дан астам теоретик және практик маман өз тәжірибелерімен бөліседі.

Әсем Қайдарова, Саяси ғылымдар докторы:

Журналистер этномәселелерді қоғамға дұрыс жеткізіп, сауатты ақпарат тарата білуі тиіс. Себебі этносаралық қатынастарда тақырыпты бұрмалау немесе терминдерді қате қолдану қоғамға кері әсер етіп жатады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін этносауаттылықты арттырып, журналистердің біліктілігін көтеру қажет.


Бөлісу