Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы: Қазақ боксшылары Әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті

Мемлекет басшысы: Қазақ боксшылары Әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем чемпионатында топ жарған спортшыларымызды құттықтады.  

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды желідегі парақшасында.

Бөлісу