Басты Жаңалықтар Бокстан Әлем чемпионаты: Бүгін 6 боксшымыз шығады

Бокстан Әлем чемпионаты: Бүгін 6 боксшымыз шығады

Бүгін бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық және жартылай финалдық бәсекелері өтеді. Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан сайыста Қазақстан құрамасынан 6 боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың үшеуі күндізгі, ал қалған үшеуі кешкі сессияда жұдырықтасады.

Нақтырақ айтсақ, сағат 16:00-де басталатын сессияда 48 келі салмақ дәржесінде Назым Қызайбай бағын сынайды. Оның қарсыласы украиндық Ханна Охота. 50 келі салмақ дәржесінде Санжар Тәшкенбай  үндістандық Жадумани Сингх Мандегбаммен жұдырықтасады. Сондай-ақ 60 келі салмақта Виктория Графеева бразиялық Ребека Де Лима Сантоспен бокстасады. Ал кешке Астана уақытымен сағат 22:00-де Қазақстан құрамасынан Айбек Оралбай, Елдана Тәліпова және Аида Әбікеева ел намысын қорғайды. Жекпе-жекті тікелей эфирден Qazaqstan және Qazsport арнасынан көре аласыз. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!


Бөлісу