Басты Жаңалықтар Премьер-министр LuLu Group басшысымен кездесті

Премьер-министр LuLu Group басшысымен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов LuLu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Алимен кездесті. Тараптар Қазақстанның агроөнеркәсіп және сауда саласындағы инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. LuLu Group Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан әлемдегі алпауыт корпорациялардың бірі. 20-дан астам елде 260-тан астам түрлі форматтағы сауда объектілерін басқарады. Енді елімізде де ет өңдеу зауыты мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және үлестіруге арналған орталық салуды жоспарлап отыр.

Агроөнеркәсіп кешені – еліміздің экономикасындағы стратегиялық сала. Сондықтан үкімет басшысы еліміздің экспорттық логистиканы дамыту және электронды сауданы кеңейту бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін 70-тен астам елге экспорттайды.


Бөлісу