Басты Жаңалықтар ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады

ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады

Шығыс Қазақстан облысында медицина саласында да жасанды интеллектті біртіндеп қолдана бастады. Бұл өңірдегі мамандардың  цифрлы технологияны жетік меңгере бастағанының белгісі. Енді өңірдегі дәрігерлер диагнозды қашықтан-ақ қоя алады. Ол үшін науқастың талдауын жергілікті жердегі дәрігерлер арнайы бағдарма арқылы орталыққа жолдайды. Нәтижесінде білікті дәрігерлер сараптаманың қорытындысын жасанды интеллекттің көмегіне сүйене отырып диагноз қояды. Цифрландыру жобалары аудандардағы рентгенолог мамандардың тапшылығын да шешті. Әр адаманың ауру тарихы да толық цифрландырылған. Жасанды интеллекттің көмегімен дәрігерлер пациенттің картасын жасайды. Картадан науқастың ауырған кезіңдегі жүйелеген деректі көруге болады. Мұның бәрі дәрігерлердің жұмысын да айтарлықтай жеңілдетті.

Гауһар Әндібаева, облыстық онкология және хирургия орталығының бөлім басшысы:

Біздің орталығымызда заманауи құрылғылармен, заманауи сәулемен емдеу әдістерін қолдануымыз, бізге пациентті емдеу кезінде жоғарғы дәлдіктік пен қауіпсіздік және үлкен тиімділікті қамтамасыз етеді.


Бөлісу