Басты Жаңалықтар 2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады

2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады

2026-жылдан бастап Ақтөбе әуежайы трансмұхиттық лайнерлерді қабылдай бастайды. Сәйкесінше жүк және жолаушылар тасымалы еселеп артады. Қазір мұнда аэро отын құю кешенінің құрылысы басталып жатыр.

Жаңа нысан әуе кемелерін «РТ» және «ТС-1» маркалы отындармен ғана емес, халықаралық сұранысқа ие «Jet А-1» авиаотынымен де қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңде көлемі 600 текше метр болатын мобильді отын құю кешені салынады. Одан кейін негізгі нысан – 20 мың текше метр отын сақтауға арналған резервуар паркі, теміржол құю-түсіру эстакадасы мен диспечерлік орталық бой көтереді. Тартылған инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеге жуық. Жобаны «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы жүзеге асырады. Мемлекет басшысы жолдауда әуемен жүк тасымалдау ісіне айрықша назар аудару қажеттігін тапсырған болатын.

Дастан Малиев, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

Жүк тасымалын екі есе көбейтуге мүмкіндік береді. Жүк тасымалымен бірге жолаушылар тасымалын да, маршрутная сеть дейді ғой, соны жоғарылатуға ықпал етеді.

Жақсыбек Кемал


Бөлісу