Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
Президент Қазақстан халқына Жолдауында: Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайды. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деп, - салада жіберілген кемшіліктерді қатаң сынады.
Мәселен Қызылорда облысында бүгінде 41 мыңнан аса адамға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 0,1 пайызды құрап отыр. Бүгінде соның 25 мыңы мүгедектігі бойынша есепте тұрғандар. Ал басқа санаттар бойынша көрсеткіш біршама төмендеген.
Бекболат Шәріпбеков, халықты әлемуеттік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысы:
Асыраушысынан айрылғандарға тағайындалған әлеуметтік жәрдемақы саны 8179 адамды құраса, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға азайған. Ал арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 7518 адамды құраса, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 199 адамға немесе 2,6 пайызға азайып отыр.
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастарды қолдау бағдарламасы аясында 9 мыңға жуық маман жұмысқа кірді
11.09.2025, 17:27

Семейде өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
11.09.2025, 17:24
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
11.09.2025, 17:21
Алматыда электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады
11.09.2025, 17:18
БҚО-да кітапханашылар ₸46 млн жымқырғаны анықталды
11.09.2025, 17:15
Ақтөбеде мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды
11.09.2025, 17:12
Сот төрелігі академиясы түлектерінің 95% судья болып жұмыс істейді
11.09.2025, 17:09
450 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіріледі
11.09.2025, 17:03