М.Әшімбаев: Сенат Жолдауды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Депутаттар биылғы Жолдауда жүктелген міндеттерге сәйкес Сенаттың жұмыс жоспарын талқылады және Палатаның алдағы күн тәртібін бекітті. Мемлекет басшысының цифрландыру жөніндегі тапсырмалары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану сияқты мәселелер қаралды. Одан бөлек, Банктер туралы заңды, Цифрлық және Құрылыс кодекстерін уақтылы қабылдау қажет екені айтылды. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев әріптестерін Alatau City қаласының арнайы мәртебесі туралы заңды әзірлеу, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңды жаңарту, парламенттік реформаны іске асыру және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенділік танытуға шақырды. Сонымен қатар депутаттар жаз кезінде өңірлерге жасаған сапарларын қорытындылап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлы мемлекетке айналуға тиіс деп нақты мақсат қойды. Осы бағытта Парламенттің алдында тиісті заңнамалық база құру міндеті тұр. Алдымен цифрлық кодекстің сапалы қаралуын және уақытылы қабылдануын қамтамасыз етуіміз қажет. Жалпы, Мемлекет басшысы белгілеп берген барлық бастаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
