Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады

Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады

«Бір палаталы Парламенттің құрылуы еліміздегі саяси-экономикалық реформаларды жаңа деңгейге шығарады». Депутаттар осылай дейді. Олардың айтуынша, кейінгі жылдары дамыған елдердің көбі қос палаталық жүйеден бас тартып жатыр. Өйткені бұл заң шығару процесін жеңілдетіп, қаржылай шығынды азайтады. Ал депутаттардың партиялық тізім бойынша тағайындалуы билік пен халық арасындағы байланысты нығайта түседі.

Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Сенат өз негізгі міндетін атқарып шықты деп санаймын. Біз партиялық негізде жұмыс істей білуіміз керек. Сонда ғана саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыра аламыз.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Халыққа ғана қызмет ететін, жемқорлықтан ада, білімді әрі тәжірибелі, саланы жақсы білетін азаматтардың келгені жөн. Мұны бір палаталы Парламент қамтамасыз етеді деп ойлаймын.
Бөлісу