EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік EXPO-2025 көрмесінде Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды. Ол - Жапония тұрғыны. Осыған орай отандастарымыз көрме қонағына арнайы сыйлық табыстады.
Бұл - Қазақстан павильонының табалдырығын аттаған миллионыншы мейман. Дүниежүзілік көрмеге отбасымен келген Косуке Хасегавені қызметкерлер ыстық ықыласпен қарсы алып, арнайы сый жасады. Оған Жапониядан Қазақстанға бизнес-класпен тегін ұшып келіп, Астананың қонақ үйлерінің бірінде екі күн демалуға мүмкіндік берілді.
Косуке Хасегава, EXPO-2025 көрмесінің қонағы:
Қазақстан павильонының миллионыншы қонағы болу мен үшін үлкен мәртебе. Заманауи дизайны, креативті тұжырымдамасы мен инновациялық цифрлық контенті ерекше әсер қалдырды. Қазақстанның цифрландырудағы жетістіктерімен, экономикалық өсімі және инвестициялық әлеуетімен танысу шынымен қызықты болды. Енді осы сапардан кейін Қазақстанға барып, оның тауын, даласы мен табиғатын өз көзіммен көргім келеді.
Сондай-ақ Қазақстан павильонына Халықаралық көрмелер
бюросының Бас хатшысы Димитри Керкентзес ресми келіп, аралап көрді. Ол
экспозицияның мазмұны мен құрылымын жоғары бағалап, павильонның ерекше әсер
қалдырғанын айтты.
Жарты
жылға созылатын дүниежүзілік көрмеге 160 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысып
жатыр. Жапон көрме қауымдастығының дерегі осы. Қазақстан павильоны «шаңырақ»
символына негізделген. Мұнда цифрлық технологиялар мен ұлттық мәдени мұра
үйлесім тапқан. Экспозицияда елдің экология, туризм, инновация, «жасыл»
энергетика және тұрақты даму саласындағы әлеуеті көрсетілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
