Сарапшы: Ғылымға кеткен қаржының қайтарымы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Сарапшы: Ғылымға кеткен қаржының қайтарымы керек

Сарапшы: Ғылымға кеткен қаржының қайтарымы керек

Ғылымға кеткен қаржының қайтарымы керек. Президент Жолдауда осы мәселені орынды көтерді, дейді философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары. Мамандардың сөзінше, ғылым, білім және мәдениет саласы бірігіп жұмыс істегенде ғана нақты нәтижелерге қол жеткіземіз. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жауапты министрліктердің Ұлттық академиямен қоян-қолтық әрекет ету туралы ойы да құптарлық іс.


Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы:


Соның бір механизмі - технологиясы ретінде жасанды интеллект мәселесін көтеріп отыр. Осыны барлық жерде қолдануды алға шығарып отыр. Тіпті цифрлық ақша деген мәселені айтып отыр. Яғни, бұл әлемдік даму процесінен Қазақстан қалмауы керек деген сөз. Мен болашақта оңтайлы бір жолын тапса, Қазақстан алға жылжи түседі деп ойлаймын.


Қуан Нұрақын


Бөлісу