Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді
Президент бір
палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Соған орай 2027 жылы Жалпыұлттық
референдум өткізуді ұсынды. Бұл – әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім.
Осылайша Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен
айналысады. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент
сайлауы өткенге дейін жұмыс істейді. Ал саяси партиялардың бәсекелі тартысқа
дайындалуына уақыты болады. Өйткені депутаттар партиялық тізім бойынша
сайланғаны жөн, - деді Мемлекет басшысы. Саясаттанушылардың айтуынша, бұл өте
маңызды мәселе болғандықтан, оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа
азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ әрине, қазіргі Парламентте
жан-жақты талқылануы қажет.
Қазбек
Майгелдинов, саясаттанушы:
Бір палаталы Парламентті мемлекет ретінде жүзеге асыру – бұл бір жағынан демократиялық институттар дамытудағы басты қадамымыз. Екінші жағынан бұл біздегі заңнамалық нормаларды тез әрі жедел жүзеге асыруға да мүмкіндік беретін болады. Бұл жерде Президенттің 1 жыл уақыт бергенінің астары – еліміздегі көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік жасау.
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
