Маңғыстау облысында 1200 орындық мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында 1200 орындық мектеп ашылды

Маңғыстау облысында 1200 орындық мектеп ашылды

Маңғыстау облысының Батыр ауылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық білім ошағы ашылды. Мектепте 1700 оқушы екі ауысымда оқиды. Балалар арнайы жабдықталған пән кабинеттерінде робототехника, STEM, дизайн және технология, визуалды өнер, музыка кабинеттерінде білімін жетілдіреді. Ал мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін сенсорлық бөлме, инклюзивті білімді қолдау кабинеті мен жедел саты қарастырылған. Білім беру ұйымында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимаратта 120-дан астам бейнекамера орнатылған. 22 мыңдай тұрғыны бар Батыр ауылында 3 ауысым мәселесі түбегейлі шешілген.

Нұрдәулет Жаңабай, 11 сынып оқушысы:

Мұнда бізге ҰБТ-ға дайындалуға барлық жағдай жасалған. Жеке дайындық бөлмелері және жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған сыныптар және кітапхана. Бұл мектеп жай ғана білім ордасы емес, біздің болашамызға кепіл.

Рүстем Жүсіпов, физика пәнінің мұғалімі:

Физика пәні ретінде қазіргі уақытта осы STEM инженерияға қатысты және физиканың өзіне қатысты зертханалық жұмыстар, сосын сабақ барысында кәдімгі демонстрация жасайтын бүкіл құрал-жабдықтардың барлығы бар. Балалардың қызығушылығы енді өте жоғары. Көрмеген, жаңа заманға сәйкес құралдар. Олар да өте жағары деңгейде қызығушылығын оятып отыр.

Бөлісу