Өзбекстанда АИ-80 маркалы жанармайды сату тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Өзбекстанда АИ-80 маркалы жанармайды сату тоқтатылды

Өзбекстанда АИ-80 маркалы жанармайды сату тоқтатылды

Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинді сату тоқтатылды. Жүргізушілер енді аталған жанармай түрін пайдаланбайды. «Өзбекмұнайгаз» компаниясы биржалық сауда арқылы АИ-80 бензинін саудалаудан бас тартатынын жариялады. Зауыттар тек жоғары октанды АИ-92 бензинін шығарып, өндіріс көлемін ұлғайтуға көшпек. Бұл ретте компания ішкі нарықтағы сұранысты ескере отырып, сапалы жанармай жеткізу көлемін одан әрі арттыруға дайын. Ресми статистикаға сәйкес, өткен жылы Ташкентте ауаға таралатын лас қалдықтардың мөлшері 500 мың тоннаға жуықтаған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Зиянды қалдықтардың көбеюіне сапасы төмен жанармай пайдаланатын автокөліктер айтарлықтай үлес қосып отыр.

Бахром Эсанов, Өзбекстан Республикасы Экология министрлігінің бас маманы:

Биылғы жыл елімізде «Қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономика жылы» деп жарияланған. Евро-4 стандартынан төмен жанармайды пайданаланудан бас тартудағы мақсат – зиянды қоспалар мен улы газдардың ауаға таралуын шектеу.
Бөлісу