Конгода «Эбола» вирусы 28 адамнан анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Конгода «Эбола» вирусы 28 адамнан анықталды

Конгода «Эбола» вирусы 28 адамнан анықталды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусы белең алды. Инфекция Касаи провинциясының Мвека ауданында 28 адамнан анықталған. Індеттен 15 адам қаза тапты. Олардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Вирус анықталған аймаққа шұғыл әрекет ету топтары жіберілді. Эпидемиологиялық бақылау күшейтіліп, науқастарды оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. Конгода 2018-2020 жылдар аралығында 2 мыңнан астам адам осы вирустың құрбаны болды.

Бөлісу