Мемлекеттік қызметтердің 92 пайызын онлайн алуға болады
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ын онлайн алуға болады. Электронды медициналық анықтамалар, балабақша мен мектепке қабылдау, жол-көлік оқиғасына қатысты еврохаттама сияқты қызметтер цифрлық форматқа көшірілді. Президент былтырғы жолдауында осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Бүгінде бұл жүйе еліміздің экономикалық өсімін жеделдетудің негізгі драйверіне айналып келеді. Соның арқасында мемлекеттік қызметтердің сапасы артты. Көмек көрсету мерзімі 20 есеге қысқарып, сыбайлас жемқорлық пен әкімшілік кедергілер азайды. Жалпы, Қазақстан цифрландыру бойынша әлемдегі 193 мемлекеттің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Сондай-ақ барлық салаға жасанды интеллект ақырындап енгізіліп жатыр.
Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Сол сияқты ЖИ мен цифрлық трансформация стратегиясы әзірленіп жатыр. Мәжіліс ЖИ туралы заңды қарады. ЖИ жөніндегі кеңес Мемлекет басшысының төрағалығымен құрылды. Оның мақсаты – әлемдік сарапшылармен пікір алмасып, елімізде жида дамыту бойынша ұсыныстар дайындау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
