Түркістан облысындағы медициналық мекемелер цифрлық жүйеге көше бастады
Түркістан облысындағы медициналық мекемелерде цифрландыру жүйесі енгелі бері науқастарды емдеу шаралары жеңілдеді. Мәселен облыстық клиникалық ауруханадағы зертхана жаңа технологиялармен жарақтандырылып, ақпараттық жүйеге көшірілді. Бұған дейін мамандар зертхана қортындыларын қолмен жазып, компьютерге терсе, қазір барлығы штрихкод арқылы арнайы деректер қорына енгізіледі. Оны емдеуші дәрігері «Дамумед» бағдарламасы арқылы жылдам көре алады. Сондай-ақ ауруханада жаңадан госпитальды фармация бөлімшесі ашылған. Бұл бөлімше цифрлық технология арқылы науқастарға тағайындалған дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты алып, оны тез арада жасап береді. Қазір аурухананың бөлімшелері кезең кезеңімен осы жүйені енгізуде.
Ерік Сопбеков, Түркістан облыстық клиникалық аурухана басшысының орынбасары:
Бұл екі жүйенің тиімді тұстары уақыт жағынан өте тез орындалады және өте қолжетімді дәрігерлер үшін. Бұл басында пилоттық басталды бөлімшелер. Қазіргі күнде бес бөлімше толыққанды осы жүйемен жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта барлық бөлімшелер осы жүйеге қосылады деген жоспар бар.
Бүгін өңірдегі емдеу мекемелеріне заманауи үлгіде жабдықталған 60 жедел жәрдем көлігі берілді. Жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын арттыру мақсатында алынған санитарлық автокөліктерде ересектерге де, 1 жастан асқан балаларға да реанимациялық көмек көрсетуге болады. Автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппаратымен, жүрек-өкпе реанимациясына арналған жиынтықпен, электрокардиографпен жабдықталған.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
