Ұлттық қорға тоғыз айда 5 триллионнан астам кіріс түскен. Оның жартысы инвестицияның арқасында келген. Яғни қордағы қаржы депозит, акция, облигация секілді құнды қағаздарға салынып, үстінен табыс алынды. Ал кірістің қалған бөлігі мұнай-газ секторында жұмыс істейтін ірі компаниялардың мемлекетке берген төлемдері мен салық есебінен. Биыл қорға келген кіріспен қатар шығын да көлемді болды. Бюджетке 2 трлн теңге, Үкіметтің арнайы бағдарламалары мен стратегиялық жобаларға 1 трлн 83 млрд теңге аударылды. Ал қорды басқаруға 33 млрд теңге жұмсалған. Осылайша 5 триллионнан асатын кірістен таза табыс ретінде 1 трлн 315 миллиард теңге қалды.
Жанел Өтеулі
