AFD 2025: Сот әділдігіне ЖИ көмектесуде
Астана халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық төрелік орталығы цифрлық технологияларды енгізу арқылы сот жүйесін жаңғыртуда. Бұл жаңашылдықтар капитал салымдарын қорғауды күшейтіп, дауларды шешу процесін жылдамдатады. «Astana Finance Days» 2025 аясында өткен сессияда қатысушылар сот әділдігін цифрландырудың мүмкіндіктері мен қауіптерін талқылады. Панельдік отырыстың спикері Кристофер Кэмпбелл-Холт Ове арнамызға берген сұхбатында жасанды интеллект процестердің ашықтығын арттырып, әділ сотқа қолжетімділікті жақсартады деп пікір білдірді. Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық төрелік орталығы осы бағытта нақты қадамдар жасап жатыр.
Кристофер Кэмпбелл-Холт Ове, АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы:
Цифрлық технологиялар сот әлемін, соның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығының цифрлық жүйесін тез өзгертіп жатыр. Бүгінде біз жасанды интеллектті судьялар мен адвокаттарды алмастыру үшін емес, оларға қолдау көрсету үшін қолданудамыз. Бұл сот жүйесінің тиімділігін арттырып, шығындарды азайтып, әділдік стандарттарын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша әділдік үстем құрып, АХҚО Соты мен ХТО-ның қызметіне инвесторлардың сенімі нығая түсуде.
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
