Қазақстанда жасалған алғашқы суперкомпьютер таныстырылды
Бүгін Қазақстандағы алғашқы автономды «NeuroBox» суперкомпьютері таныстырылды. Бұл – цифрлық тәуелсіздікке бастаған үлкен қадам. Себебі бұған дейін елдегі суперкомпьютерлердің бәрі шет елден әкелінсе, енді өзімізде құрастырылып отыр. Яғни, «Ақпараттық қауіпсіздік өте жоғары деңгейде қорғалған», - дейді құрастырушылар. Бұл суперкомпьютер – жасанды интеллект, машиналық оқыту, үлкен деректерді талдау және жоғары өнімді есептеулерді дамытуға арналған инновациялық платформа. Сондай-ақ ең үлкен ерекшелігі – интернетсіз жұмыс істейді. Бір құрылғының құны – 70 млн теңгеден басталады. Барлық тілде ақпарат алуға мүмкіндік бар.
Төлеген Омарбеков, «NeuroBox» компаниясының құрылтайшысы:
Бұл жерде ең бастысы – жылдамдық. Бір қызметкер бір құжатты дайындауға бірнеше ай жұмсауы мүмкін. Бірақ біздің суперкомпьютердің көмегімен 1-2 сағатта жұмысын аяқтайды. Сондықтан әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге, компаниялар мен корпорацияларға пайдасы орасан. Тіпті кез келген видеоны, мәселен, жол-көлік оқиғасын жүктесеңіз, бірер секундта хаттама әзірлеп, ары қарай не істеу керегін көрсетеді. Сондықтан кез келген салада көмегі тиеді. Ал жеке тұлғалар үшін құрылғыны сатып алмай-ақ, App Store, Play market сынды қосымшалардан жүктеп, пайдалануға болатын жағдай жасаймыз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49