Қазақстандық теннисші сенсация жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

04.09.2025

17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ чемпионатында сенсация жасап, үшінші айналымға шықты. Ол ересектер арасындағы турнирде талайға дес бермеген финляндиялық Оскари Палданиусты тізе бүктірді.

Алғашқы сетте Оскари 6:3 есебімен жеңіске жеткен. Алайда кейінгі ойындарда Заңғар 6:1, 6:2 нәтижесімен тәжірибелі қарсыласын ойсырата ұтты.

Еске салсақ, екінші айналымда ол жасөспірімдер арасында әлемнің 13-ракеткасы саналатын польшалық Алан Важныйдан басым түскен еді. Ал жартылай финалда қазақстандық теннисші рейтингте 15-орында тұрған ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу