Қазақстандық шахматшылар сенсация жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шахматшылар сенсация жасады

18.04.2023

Шахматтан халықаралық матчтың екінші күнінде де Қазақстан қыздар құрмасының тағы бір өкілі Меруерт Камалиденова FIDE-нің нөмірі бірінші шахматшысы қытайлық Хоу Ифаньды жеңді. Бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген, шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы Бибісара Асаубаева да басты қарсыласы саналған қытайлық гроссмейстерден басым түскенін айтқан едік. Сондай-ақ бүгінгі ойында ол Жансая Әбдумәлікпен тең түсті. Ал Динара Сәдуақасовадан айласын асырып кетті. Бүгін рапиден жарыс аяқталды. Өкінішке қарай, әзірге әлем құрамасының қыздары алда келеді. Олардың еншісінде 34,5 ұпай. Ал отандастарымыздың қоржынында 29,5 ұпай. Ертең олар жарыстың соңғы күнінде шахматтың блиц түрінен бақ сынайды. Бұған дейін Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делидегі шахматтан Гран-при турнирі кезінде бір-бірін түсінбей қалғанын айтқан едік. Ал, бұл видео кешегі матчтың ашылу салтанатында түсірілген. Әлеуметтік желі қолданушылары суретке бірге түскен қыздарды татуласты деген пікір қалдырып жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу