Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетел азаматы келді
Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетел азаматы келді. Оның 10 млн-ға жуығы кем дегенде бір күн ел ішін аралаған. Сала мамандары «Бұл көрсеткішті әлі де ұлғайтуға болады», - дейді. Ол үшін білікті мамандар даярлап, қызмет көрсету саласына ден қою керек.
«Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде» мыңға жуық студент 6 мамандық бойынша білім алады. Оқу ғимараты «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында заманауи ас үй жабдықтарымен, симуляциялық модульдермен және мультимедиалық оқу құралдарымен жабдықталған. Шәкірттердің біліктілігін шыңдау үшін Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай елдерімен келісім шарт та жасалған.
Бақытгүл Кішібаева, колледж директоры:
2018 жылдан бастап Түркия Республикасы Анталия қаласындағы колледжбен халықаралық деңгейде келісімшарт жасадық. Тамақтандыруды ұйымдастыру, қонақ үй сервисі, туризм мамандықтары бойынша біздің студенттер Анталия, Кемер қаласында орналасқан қонақүйлерде практикадан өтуде.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49