Қ.Тоқаев: Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес

02.09.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары бойынша қорытынды жасап, қонақжайлық танытқан көршілес елге ризашылығын білдірді.

Ресми сапарым ойдағыдай, табысты өтті деп санаймын. Біз Төраға Си Цзиньпинмен мазмұнды әрі тиімді келіссөздер жүргіздік. Қос ел арасындағы қарым-қатынастың болашағы жарқын болатынына сенімдімін, - деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы рухани-мәдени байланысты нығайтуды көздейтінін айтты. Бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды. Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес. Мұнда халқымыздың бай мұрасы мен салт-дәстүрі насихатталып, екі ел жастары білім мен идея алмасу алаңына ие болады, - деді Президент.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу