Астанада «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

07.11.2018

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Аталған фильм Алашорданың 100 жылдығына орай түсірілген. Туынды «Оян, қазақ!», «Жарияланбаған автономия» және «Қатерлі өткел» сияқты үш бөлімнен тұрады. Фильмнің жұмыс тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен Семей аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Қазан университетінде түсіру жұмыстарын жүргізді. Фильмнің режиссёрі - Ерген Тоқмурзин, сценарий авторы - Болат Мүрсәлім. Айта кетейік, фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» және «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесіп түсірілді. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біздің тарих толқынымыздың қуанышты күндерімен қоса, қайғылы сәттері де бар. Патша өкіметі мен Кеңес заманында Алаш қайраткерлері Қазақ елінің тұтастығын ойлап жүріп, өздері құрбан болды және көптеген ел дамуындағы жоспарларын жүзеге асыра алмады. Бұл фильм Алаш ардақтыларының құрметіне және Алашорданың 100 жылдығына орай арнайы тапсырыспен түсірілді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу