«Өркениет шырақшысы» деректі фильмі Болгарияда көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өркениет шырақшысы» деректі фильмі Болгарияда көрсетіледі

04.12.2020

Болгарияда «Өркениет шырақшысы» деп аталатын қазақстандық фильмінің тұсаукесері өтеді. Екі бөлімнен тұратын тарихи-зерттеу туындыда ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы туралы баяндалады. Отандық фильм Болгарияның «Травел ТВ» телеарнасында 14 желтоқсанда көрсетіледі деп жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, бұл фильм алғаш рет биыл 18 қаңтарда Ұлттық арнаның эфирінен өтті. Туынды әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай түсірілген еді. Деректі фильмнің түсірілім жұмыстары бес айға жалғасқан.

Мәдина Жолдас

Болгария Әбу Насыр әл-Фараби Өркениет шырақшысы

Хабарламаларға жазылу