«Алаш туы астында» фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алаш туы астында» фильмі көрсетілді

10.09.2018

Алматыда «Алаш туы астында» деректі фильмі көрсетілді. Бұл ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін туынды. Деректі фильм «Оян, қазақ!»,  «Жарияланбаған автономия», «Қатерлі өткел» атты үш бөлімнен тұрады. Фильмде Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңі, қазақ баспасөзінің  бастаулары, Алашорда үкіметінің әскері қалай жасақталғаны жайлы мәселелер кеңінен қозғалған.

Сондай-ақ, Алаш қайраткерлерінің Кеңестік дәуірдегі күресі, Голощекин қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен көрсетілген. Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен жүріп, Ресейдің төрт қаласында, Кремльдің ішінде де болған. Тұсаукесерге қатысқан тарихшылар мен ғалымдар туындыны жоғары бағалады.

Мәмбет Қойгелді, фильмнің бас ғылыми кеңесшісі:

Осы уақытқа дейін концептуалдық тұрғыда тұтас, құжаттық негізге, ғылыми негізге сүйенген фильм осындай деңгейде алғаш рет түсіріліп отыр деп айтуға болады. Бұл тұрғыдан алғанда Болат Мүрсәлім көп жұмыс жасаған. Бұл фильм дұрыс таралым тапса, мынау осы жалпы қоғам үшін әсіресе мынау университет оқу орындарындағы оқу процесіне өте пайдалы фильм болған болар еді деп ойлаймын.

Аманкелді СЕЙТХАН    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу