БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 көлік табыс етілді
Батыс Қазақстан облысында мерекеге орай полиция қызметкерлеріне 30 көліктің кілті табыс етілді. Бұл қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге сеп болмақ.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін күшейтуге 1 млрд 307 млн теңге бөлінген. Оған 535 бейнекамера орнатылып, бейнебақылау жүйесі кеңейтілген. Он жылдамдық өлшегіш орнату арқылы жедел басқару орталығы құрылған. Жол жүру ережесін сақтамағандарды тіркеу үшін 10 аппараттық-бағдарламалық кешен іске қосылды. Ал жаңа жол талғамайтын көліктер ауыл-аймақтағы учаскелік полиция инспекторларына берілді. Оған жергілікті бюджеттен 201 млн теңге жұмсалған.
Ербол Барадосов, Қабыршақты ауылының учаскелік полиция инспекторы:
Ақжайық ауданына қарасты Қабыршақты ауылында 892 халық бар. Сол бойынша қазір осы қызметтер атқарып жатырмыз. 3 елді мекені бар. Соларға барып келуге бүгінгі мерекеге жаңа автокөлік беріліп жатыр. Сол елді мекендерді аралауға бізге қомақты көмек беріліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49