Шымкентте ескі доңғалақты өңдеу саласы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шымкентте ескі доңғалақты өңдеу саласы артып келеді

Шымкентте ескі доңғалақты өңдеу саласы артып келеді

Шымкент қаласындағы «Экошина» кәсіпорны «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырып келе жатқан бірегей өндіріс орны. Осыдан 15 жыл бұрын құрылған зауыт қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. Өндіріс автокөліктердің ескі доңғалақтарын қайта өңдеп, одан ойын алаңдары, жүгіру және веложолдарға арналған резина төсеніштер шығарады. Дайын өнімнің біраз бөлігі Қырғызстан еліне де экспортталуда. Қазір кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Олар жылына 10 мың тоннаға дейін қоқысқа тасталған доңғалақты сұрыптап залалсыздандырады. Үкіметтің қолдауы арқасында биыл зауыт 500 миллион теңге қайтарым үстемақысы төмен несие алды.

Сергей Дубровин, кәсіпорынның техникалық директоры:

Осындай қолlаудың арқасында биыл жаңа қондырғылар сатып алып, тағы бір өндірістік желіні іске қостық. Соның арқасында өнімділік 60 пайызға жоғарылады. Жыл соңына дейін тағы 20 жұмыс орнын ашамыз.

Ғани Қалмахан

Бөлісу